Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашты – Президент

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

книга кітап библиотека кітапхана
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүз жылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады, - деді Президент.

Мемлекет басшысы екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл күймен күтетін халыққа, ең алдымен амандық тіледі.

- Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан, мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді, - деп тілегін білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 1 наурыз күні Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) орнаған болатын. 

Президент құттықтауының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.