Алтай өлкесінде тұрғын үйге зымыран бөлшегі құлады

МӘСКЕУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Алтай өлкесінің Змеиногор ауданындағы Баранковка селосында көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына ғарыш зымыранының бөлшегі құлап түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Бұл бүгін түнде орын алған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. «Құлаған бөлшек түнде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқан «Прогресс» жүк кемесі сатысының фрагменті. Табылған заттың ғарыш кемесінің бөлшегі екендігін арнайы комиссияның мүшелері қуаттады», деп хабарлады Ресейдің өлкелік төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі.
Соңғы жаңалықтар