Алтай шыңдарының бірінде төрт альпинист үсіп өлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Томск альпинизм федерациясы (ТАФ) төрт мүшесінің Алтай Республикасында қаза тапқанын хабарлайды, деп жазды ТАФ әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында.
None
None

"14 тамызға қараған түні Актруда Купол шыңына шығу кезінде Томск радиоэлектроника және басқару жүйелері университеті Туристік-альпинистік клубының тәжірибелі альпинистері қаза тапты. Болжам бойынша олар үсіп өлген", - делінген хабарламада.

Олег Твердохлебов, Дмитрий Шелефонтюк, Андрей Мартынов пен Алиса Ротанованың көз жұмғаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар