Алтай тауында өсетін «Бек» дәрілік шөбін тек бақуат адамдар пайдаланған

Дүниежүзі фармацефтика саласында қолданатын өсімдіктердің басым бөлігі Алтай тауларында өседі. Бұл туралы Орталық Азия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз туры кезінде Алтай шөп-дәрі музейінің өкілі айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

өсімдіктер
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Алтай шөп-дәрі музейі — туристер көп келетін нысандардың бірі. Дәл осы жерде Алтайдың өсімдік дүниесімен толық танысуға болады.

өсімдік
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Музей қызметкері Мерей Еркіннің айтуынша, Алтай — адам жанының ғана емес, тәнінің де емшісі.

мерей еркін
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Алтай тауларында 2300 түрлі өсімдік өседі. Оның 700-ге жуығының емдік қасиеті бар.

өсімдік
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Біздің музейде Алтай аймағында өсетін мыңнан астам өсімдіктің үлгісі бар. Соның ішінде ерекше атап өткім келетіні — бек шөбі. Ол тек Алтайда ғана өседі. Ерте заманда оны тек ауқатты, байлар ғана тұтынған екен. Оның тамыры адам ағзасына өте пайдалы. Иммунитетті жақсартады. Жыртқыш аңдардан аю жейді. Сондықтан болар соңғы жылдары сиреп кетті. Осыны ескерген жергілікті билік оны өз қорғауына алды. Яғни, адамдарға жинауға тыйым салынды», — деп атап өтті Мерей Еркін.

Сонымен қатар, музейден тері, жүрек, бауыр, бүйрек ауруларына шипасы мол дәрілік шөптерді кездестіруге болады.

өсімдік
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Бұдан бөлек, жабайы саңырауқұлақтың 350-ге тарта түрі бар. Оың 200-ден астам түрін жеуге болады. Оның ішінде 70-тен көбінің емдік қасиеті бар. Жаман аурудың алдын алатын түрін де кезіктіруге болады», — дейді музей қызметкері.

саңырауқұлақ
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Алтай — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономия ауданының Іле Қазақ автономия облысына қарасты аймақ.

өсімдік
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Батысында Қазақстанмен, солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Моңғолиямен шектеседі.

Батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр. 

өсімдік
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
өсімдік
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
өсімдік
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform