Алтай тауында жабайы аңдарға санақ жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия мен Ресейдің экологтары бас қосып, арнайы кеңес өткізді. Жиынның басты тақырыбы Алтай тауын мекен ететін жабайы аңдарға соның ішінде, «Қызыл кітапқа» енгізілген архарларға бірлесіп санақ жүргізу, деп хабарлады «Моңғолия дауысы» агенттігі.

Алтай тауында жабайы аңдарға санақ жүргізіледі

«Мамандардың айтуынша, бұл Алтай тауындағы сирек кездесетін аңдарды бақылауға алу бойынша атқарылатын тарихтағы ең ауқымды шара болмақ. Кеңесте экологтар мен ғалымдар өз елдері аумағындағы архарларды қалай анықтап, санақ жүргізу тәсілдерін ортаға салды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Моңғолия аумағында 10 мыңға жуық архар мекен етеді.