Алтайда аяздың беті қайта бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтайда аяздың беті қайта бастады. Бүгін күндізгі ауа температурасы минус 19 гардусқа дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алтайда аяздың беті қайта бастады

Соңғы бір аптадан бері мектептерде екінші ауысым оқушылары бірінші рет сабаққа барып отыр. Дегенмен, облыстың үш ауданында әлі де аяз сақталуда. Зырян ауданында ауа температурасы минус 40-ты көрсетіп, екі ауысым оқушылары үшін де сабақ тоқтатылған. Көкпекті және Катонқарағай аудандарында да осындай жағдай. Ауа температурасы - минус 37 градус. Үржар және Зайсан аудандарында минус 33 градус аяз тіркелгенімен, сабақ тоқталыған жоқ.

Есімжан Нақтыбай