Алтайда қар барыстарының тауешкілерге шабуылы бейнеленген суреттер табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Алтайда Сайлюгем ұлттық саябағында жүргізген экспедиция кезінде бұрын белгісіз боп келген археологиялық ескерткіштерді тапты.
Бұл туралы ТАСС өңір үкіметінің баспасөз қызметінде сілтеме жасап хабарлады.
«Зерттеу жұмыстары барысында түрлі дәуірге жататын археологиялық ескерткіштер тіркелді: скиф уақытының қорғандары, түркіліқ қоршаулар, қаланған тастар және т.б. барлығы 40-тан астам нысан табылды. Бұдан басқа, орта ғасырлық дәуірдің тасқа қашалған суреттері де бар. Онда қар барыстарының тауешкілерге шабуылдауы бейнеленген», - деді баспасөз қызметінде.