Алтайда тікұшақ құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтай Республикасында алдын ала мәліметтер бойынша Robinson тікұшағы құлады, деп хабарлайды Риа Новости Тергеу комитетінің Батыс Сібір көліктегі тергеу басқармасына сілтеме жасап.

Алтайда тікұшақ құлады

Болған оқиға жөнінде оның куәгерлері хабарлаған. Олардың сөздерінше, тікұшақ Телец өзеніне құлаған.

Көліктегі Батыс Сібір тергеу басқармасы алдын ала тергеу амалдарын бастады.