«Алтайым» Канн теледрама фестивалінде «Үздік ұзақ метражды драма» тізіміне енді

АСТАНА. KAZINFORM – 7-ші Канн теледраматургиялық фестивалінде шыңжаңдық жазушының романы бойынша түсірілген «Алтайым» атты шағын телехикая «Үздік ұзақ метражды драма» байқауының іріктеу тізіміне енді. 

Канн жүлдесінің тізіміне енді
Фото: weixin.qq.com

«Жэньминь жибао» басылымының мәліметінше, Канн теледрама фестивалінің негізгі байқауының іріктеу тізіміне енген «Алтайым» фильмінің тұсаукесері 7 сәуір күні Канн қаласында өтеді. 

Байқауда аталған туынды 5 басты жүлде үшін әлемнің басқа елдері мен аймақтарының 7 драмасымен бәсекеге түседі. 

Айта кетейік, «Алтайым» – Шыңжаңдық жазушы Ли Жуанның шығармасы бойынша түсірілген 8 бөлімді шағын телехикая. Оның продюсері Дапэн, режиссері Тэн Конгконг. Басты рөлдерді Ма Йили, Чжоу Йиран, Ю Ши, Әлімжан, Әлима, Қайрат және т.б. өнер адамдары сомдайды. 

Фильмнің сценарийін Тэн Конгконг пен Пэн Инин жазған. 

Соңғы жаңалықтар