Алтайлық экстремал өзін өртеп, 9-қабаттан секірді - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңаалтайлық экстремал Александр Черников өзін өртеп, 9-қабаттан арнайы дайындалған қар үйіндісіне секірді. Бірақ бұл «ерлігінен» кейін оны полиция алып кетті, деп жазады Росбалт.
Бұған дейін Черников 5-қабаттан секірген. Бірақ ол жолы ішкі ағзалары соққы алып, зардап шеккен болатын.