«Алтел» АҚ желісінде екі миллионыншы абонент тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы «АЛТЕЛ» АҚ Қазақстандағы алғашқы LTE/GSM/UMTS мультитехнологиялық желісінде 2 миллионыншы абоненттің тіркелгенін хабарлайды.
«Қазақстанда АЛТЕЛ-ды өз операторы ретінде 2 миллион адам таңдады. «АЛТЕЛ» АҚ ұсынатын озық технология, инновациялық қызметтер және нарықтағы жаңа тарифтік үлгі Қазақстанның барлық тұрғындарына мобильдік байланысты және 4G-интернетті барынша қолжетімді жасайды»,- дейді «АЛТЕЛ» АҚ Басқарма Төрағасы Максут Сауранбеков.
Аса ауылының (Тараз қ. маңы) аудандық орталық ауруханасының Бас дәрігері Алтай Мухтарович Сауруков екі миллионыншы абонент ретінде тіркеліп, LG G Flex2 заманауи смартфонының және алтын нөмірдің иегері атанды.
АЛТЕЛ мерейлі пайдаланушысын марапттай отырып, өзінің абоненттеріне алғысын білдіреді. Сондай-ақ, 10 сәуірден бастап ең танымал Супер SMART тарифінде Қазақстанның басқа операторларының желісіне тегін минуттар саны айына 100 минутқа дейін артады.
«Келешектегі дамуымыздың жоспарына бұрынғыдай меншіктік бөлшек сату желісін дамыту, қызмет көрсетуді жетілдіру және 4G-ді аймақтарда енгізу бойынша міндеттер кіреді. Абоненттік базамыздың өсуінің қарқыны - бұл қызметтеріміздің бәсекелестігінің көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының сенімділігі, АЛТЕЛ брендінің даму нәтижесі», - дейді «АЛТЕЛ» АҚ Бас коммерциялық директоры Ирина Савина.
Дамудың басымды қарқынын ескере отырып, «АЛТЕЛ» АҚ 2015 жылдың соңына дейін абоненттік базаның 3 млн.абонентке артатынын күтеді.