Алты өңірде қалың тұман түседі, жолға шықпаңыздар - ҚазАвтоЖол

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады.

блокпост
Фото: Pexels

«Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар», — деп жазды ведомстводан.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көк тайғақ болады деп болжанады.

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар