Алтын бағасы рекордтық деңгейге көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күнгі Азия сессиясы барысында алтын бағасы жаңа рекордтық деңгейге жетіп, 3500 долларға жақындады, деп хабарлайды Investing.

04:27-дегі жағдай бойынша (GMT), алтынның споттық бағасы 1,7%-ға, унциясы үшін 3 482,76 долларға дейін өсті, ал маусымдағы фьючерстер 1,9%-ға өсіп, унциясы 3 491,20 долларды құрады.
Өсімнің негізгі факторлары – геосаяси тәуекелдердің күшеюі, орталық банктер тарапынан жоғары сұраныс және инфляцияға қатысты алаңдаушылықтың жалғасуы болды, деп жазды Investing.
Кезекті өсім АҚШ-тың ақша-несие саясатына қатысты алаңдаушылыққа байланысты болды, яғни президент Трамп Федералды резерв жүйесін қайта құру жоспарын жариялағаннан кейін болды.
Ақ үйдің Ұлттық экономикалық кеңесінің директоры Кевин Хассетт жұма күні Трамп пен оның командасы ФҚЖ төрағасы Джером Пауэллді жұмыстан босату мүмкіндігін зерттеуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Дүйсенбіде Трамп АҚШ экономикасы дереу қысқартусыз баяулауы мүмкін екенін айтып, ФҚЖ-сін мөлшерлемелерді төмендетуге тағы да шақырды.
Осыған дейін 2025 жылы Орталық Азия экономикасының өсімі 5%-ды құрайтыны туралы жаздық.