Алтын-Емел аумағындағы табиғи өрт сөндірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болған табиғи өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Алтын-Емел» аумағындағы табиғи өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

Бүгін таңертеңнен бастап ТЖМ «Қазавиақұтқару» су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылып, жалпы көлемі 72 тонна болатын 24 рет су төгу жұмысы жүргізілді. Өрттің жалпы ауданы 45 гектар болды.

Алтын-Емел аумағындағы табиғи өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жетісу және Алматы облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері, «Қазавиорманқорғау», Жаркент орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» әуе кемесі жұмылдырылды. Барлығы шамамен 120 адам жеке құрам және 30-дан астам техника қатысты.

Алтын-Емел аумағындағы табиғи өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ
Алтын-Емел аумағындағы табиғи өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

Құтқарушылар мен ҚР ТЖМ авиациясының үйлесімді іс-әрекеті, сондай-ақ барлық құрылымдардың өзара тиімді әрекеттесуі өрттің таралуына жол бермей, оны қысқа мерзімде толықтай сөндіруге мүмкіндік берді.

Айта кетелік Ақтөбеде құрғақ шөп өртенді

Соңғы жаңалықтар