Алтын кенішіндегі қайғылы жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

тергеу басталды
Фото: видеодан скрин

Майқайыңның алтын кенішінде болған қайғылы жағдайға байланысты Павлодар облысының полициясы сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Kazinform.

- Екі немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәжірибелі тергеушілер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді. 

Соңғы жаңалықтар