Алтынбек Ахметов Астана қаласы сәулет басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды

сәулет басқармасы
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов ұжымға Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ол аталмыш басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған Алтынбек Ахметов болды.

Алтынбек Жанатұлы 2006 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Қалалық кадастр» мамандығы бойынша, Торайғыров университетін 2023 жылы «Сәулет» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Астанагорархитектура» ЖШС топогеодезия бөлімінің техник-геодезисті қызметінен бастады.

2006 жылы «АстанагорНПЦзем» ЕМК технигі болды;

2007-2013 жылдар аралығында «Астана қаласы жер қатынастары басқармасы» Жер кадастры бөлімінің бас маманы, басшысы қызметтерін атқарды.

2013-2015 жылдар аралығында «Астана қаласы жер қатынастары басқармасы» басшысының орынбасары болды.

2016-2019 жылдары «Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының» басшысы лауазымын атқарды.

2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.

Нұрлан Жаңбыршыұлы жаңа басшыға сәттілік тілеп, елорданың сәулет саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар