Алтынемел табиғи паркіндегі фототұзақ маңында арқарлар жүр

АСТАНА. KAZINFORM - Фотоқақпанымызға арқар түсті, деп жазды бүгін Алтынемел ұлттық табиғи паркінің өкілдері instagam парақшасында.

Любопытный архар дважды попал в объектив фотоловушек в нацпарке «Алтын-Эмель»
видеодан алынған кадр

Арқар камераны бірден байқап қалған, бірақ асықпай, жан-жағын иіскеп, мүйізін көрсетіп, жайымен жартастың арғы жағына өтіп кеткен.

Төрт күннен кейін басқа фотоқақпан тағы бір арқарды түсірді. Сол ма, басқасы ма, белгісіз.

 -Айта кетейік, арқар (Ovis ammon) Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Фотоқақпандар жануарларды мазаламай, олардың табиғи өмірін бақылауға мүмкіндік береді,-делінген жазбада.

Осыған дейін «Бұйратау» ұлттық паркіндегі камераға далада жайылып жүрген бұландар түсіп қалған болатын.