Алты ай ішінде Көліктегі Орталық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 791 заңсыз мигрантты ұстады
АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Алты ай ішінде Көліктегі Орталық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 791 заңсыз мигрантты ұстады, деп хабарланды 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығының нәтижелеріне арналған кеңейтілген жедел кеңесте.
Заңсыз көші-қонға қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері аталмыш кезеңде Қазақстан Республикасының жері аумағында жүрген заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталған бірталай жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Олардың барысында КОІІД қызметкерлері 791 шетелдік азаматты ұстады, олардың 37-сі республика аумағынан шығарылды.
Департамент таратқан мәлімет бойынша, заңсыз мигранттардың көбі Ресей мен Өзбекстанның азаматтары.
Осы алты айлық межеде заңсыз көші-қонға қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері 5 534 жолаушы пойызына ілесіп жүрді, оның ішінде 1740-ы мемлекетаралық бағыттардағы, ал 3794-ы республикалық бағыттардың пойыздары.