Алты айда 110 мыңнан астам елордалық жүргізушіге айыппұл салынды
«Биылғы жылдың алғашқы 6 айында жол полициясы инспекторлары 120 мың әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. 110 мыңнан астам жүргізушіге жалпы көлемі 839,5 миллион теңгедей айыппұл салынды. Одан мемлекетке 532 млн. теңгеден астам пайда өндірілді. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл алу 63 пайыз болды», - делінген ведомство хабарламасында.
ЖПБ мәліметтері бойынша, тек алты айдың қорытындысында Астана қаласының сот актілерін орындау департаментіне басқармадан 341,5 миллион теңгеден астам сома көлемінде айыппұл өндіру үшін 39,5 мың қаулы келіп түскен. Олардың 40 миллионы мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Оқу орындары мен тұрғылықты мекенжайлары бойынша 159 млн. теңгенің 21 мыңнан астам қаулысы жіберілді. Олардың 20 миллионнан астам теңгеге 2,5 мыңы орындалды.
Бұл ақшаларды қоғамдық тәртіп сақшылары айыппұлдарын уақытында төлемеген автоәуесқойлардан мекемелері арқылы жаппай тексеріп, өндіріп алуды көздеуде.
Astana.kz сайтының жазуынша, бүгін Астанадағы «Қызылжар» бекетінде сот орындаушыларымен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Рейд барысында жол полициясы қызметкерлері 10-ға жуық айыппұл төлемеген астаналық тұрғынды ұстады. Тексеру кезінде олардың автокөлігі техникалық тексеруден өтпегені анықталды. Жол полициясы инспекторлары құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, сот орындаушылардың қатысуымен жүргізушілермен айыппұлды уақытында төлеу жөнінде әңгіме өткізіліп, құқықбұзушылар 5 күн ішінде айыппұлды төлеуі керектігі жөнінде қолдарына хабарламалар берілді. Төлемеген жағдайда автомобилі айыппұл тұрағына қойылады.