Алты айда Алматыда 2,5 мыңға жуық ойын-сауық мекемесі санитарлық нормаларды бұзған
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда бірінші жартыжылдықта 2,5 мыңға жуық ойын-сауық мекеме санитарлық нормаларды бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, коронавирус инфекциясының 54,2 пайызы кафе, мейрамхана, түнгі клуб пен көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда тіркелген.
1 қаңтардан 29 маусымға дейін мониторингілік топтар 27 800-ден астам нысанды тексерді, шектеу шараларын бұзған 2 463 жағдай анықталды. 4581 хаттама толтырылып, оның ішінде заңды тұлғаларға 155 млн теңгеге жуық сомаға 442 айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 181,5 млн теңгеге 4139 хаттама жасалды.
Айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікпен қатар соттардың шешімі бойынша қызметті тоқтата тұру бойынша қатаң шаралар қолданылады. Биыл 75 материал сотқа жолданып, олардың 64-і бойынша шешім қабылданды.
Мысалы, Алатау ауданында 161 АЕК көлемінде «Кәуап орталығы» кафесіне айыппұл салынды. «Шамо» бильярд клубы карантин режимі аяқталғанға дейін қызметін тоқтатты.
Алмалы ауданында «Finik» мейрамханасының жұмысы бір айға тоқтатылды. Сондай-ақ, мекеме иесі 100 АЕК көлемінде айыппұл төледі.
«Fizika» түнгі клубының қызметі ұзақ мерзімге тоқтатылды, мекеменің есіктері келушілер үшін 3 айға жабылды, сонымен қатар иесіне 100 АЕК айыппұл салынды. «Boohouse» кафесі сот шешімімен бір айға қызметін тоқтатты және 100 АЕК айыппұл салынды.
Әуезов ауданында «Лабиринт» кафесі, «Мәскеу» бильярд клубы, «Upgrade» компьютерлік клубы, «ESCAPARATE» дүкені, «СМАТ» бильярд клубы бір айға тоқтатылып, 100 АЕК айыппұл салынды.
Бостандық ауданында «Sunset» мейрамханасының иесі 200 АЕК айыппұл төледі. «Queer» түнгі клубының жалға берушісіне 100 АЕК айыппұл салынды, сондықтан мекемеге бір ай бойы жұмыс істеуге тыйым салынды.
«Kango» спорттық батут паркінің иесі 100 АЕК айыппұл түрінде жауапқа тартылды. «Nino» мейрамханасының қызметі 100 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салумен жүйелі бұзушылықтар үшін бірден 3 айға тоқтатылды. Тағы бір бұзушылық лаундж бар «Мята» 1 ай жұмыс істемейтін болды. Сондай-ақ, караоке клуб «Министры» және «Salam Bro» кафесі де бар. Сот бір айға «Ориент» караоке қызметін тоқтатты және 100 АЕК айыппұл салды.
Жетісу ауданында «Game club» ойын клубы, «ГринККМ» лото клубы, «Магнит» және «Лала»дүкеніне жұмыс істеуге тыйым салынды.
Медеу ауданында карантин біткенше Loto клубының, Orda Game center компьютерлік клубының қызметі тоқтатылды. «Манана» мейрамханасының жұмысы 15 күнге тоқтатылды, «Пугасов» мейрамханасына келушілерді бір ай бойы қабылдауға тыйым салынды, сондай-ақ 100 АЕК айыппұл салынды. «Бармаглот» барының жұмысы бір айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Наурызбай ауданында «Премьера», «Таужолы» кафелерінің иелеріне 100 АЕК көлемінде айыппұл төледі және бір айға жұмысы тоқтатылды. Baqsarai банкет залының қызметі карантиндік шектеулер жойылғанға дейін қызмет көрсетпейді.
Түрксіб ауданында «БекАр» ойын клубының қызметі тоқтатылды, 70 АЕК айыппұл салынған «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешені жабылды, шектеу шаралары алынғанға дейін «ВAZA» ойын клубы жұмысын тоқтатты.
Қалада күн сайын күндіз-түні дүкендерді, мейрамханаларды, дәмханаларды, СОСО, караокені, бильярд пен компьютерлік клубтарды тексеруді жалғастыратын 40 мониторингілік топ жұмыс істейді.
Мысалы, 30 маусымға қараған түні Алматыда мейрамханалар, кафелер мен дүкендерде карантин шараларын бұзған 12 жағдай анықталды, олардың басым бөлігі Алмалы ауданында орналасқан.
«Панда» мен «Coffee Boom» кафелерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылды, оларда сәйкесінше 50 мен 60 адам болды. Профилактикалық түсіндірулер жүргізілді. Аталған мекемелердің әкімшілеріне карантиндік шектеулерді сақтау қажеттігі туралы ескерту жасалды. Әкімшілік жауапқа тарту үшін материалдар жиналды.
1 шілдеге қараған түні тексерушілер Senseasia, Эрмитаж, Иса мен Рубин кафелерінде карантиннің бұзылуын анықталды.