Алты айда еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі 70, оның ішінде ауыр қылмыстар 22,1 пайызға өсті

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың алты айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі 70, оның ішінде ауыр қылмыстар 22,1 пайызға өскен.

Алты айда еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі 70, оның ішінде ауыр қылмыстар 22,1 пайызға өсті

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі таратып отыр.

2012  жылдың 6 айы ішінде еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 70 (80 685-тен 137 151-ге), оның ішінде ауыр қылмыстар 22,1 пайызға (12 762-ден 15 578-ге) өскен. Қылмыстың бұлайша өсуі жылпы алып қарағанда түсінікті, өйткені олар бұрын дәстүрлі түрде жасырылып келген қылмыстар есебінен болып отыр. Мәселен, ұрлық  91,8 пайызға (44 550-ден 85 443), бұзақылық 119,1 пайызға (3 615-тен 7 922-ге), аляқтық 69,7 пайызға (5 721-ден 10 037-ге), тонау 39,6 пайызға (7 363-тен 10 279) артқан.

Ведомствоның атап өтуінше, қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігінің 83 пайызына тең. Қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі - 1,2 пайызды (1 703), ауыр қылмыстар - 11,4 пайызды (15 578), ауырлығы орташа қылмыстар - 79,4 пайызды (108 884),  ауыр емес қылмыстар 8 пайыз (10 986) құрады.

«Жалпы қылмыстылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалды, бұл Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің есепке алу-тіркеу тәртібін, қылмыстарды есепке алуда толықтық пен ашықтықты  күшейтуде тиімді шаралар қолданып, қылмыстар туралы  арыздар мен хабарламаларды тіркеудің біртұтас жүйесін енгізуімен түсіндіруге болады» - делінген хабарламада.