Алты баланың анасы «Ресей аруы» атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургтен алты баланың анасы Екатерина Кирмель «Ресей аруы» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Facebookтің ресми парағында жарияланған.

Алты баланың анасы «Ресей аруы» атанды

Міндетті түрде тұрмыстағы, кем дегенде бір баласы бар әйелдер арасындағы конкурсқа 22-43 жас аралығындағы 15 үміткер қатысты. Жеңімпаз Екатерина Кирмель 37 жаста, екі жоғары білімі бар, билейді, бодибилдингпен және жеңіл атлетикамен айналысады. Оның үлкен ұлы 17, кішісі - 12 жаста, қыздары 10, 9, 6 және 4 жастарда.

«Ресей аруы» байқауы 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы финал Мәскеуде өтті.