Алты боксшы ел біріншілігіне қатысқан жоқ - Айтжанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Шымкент қаласында өтіп жатқан ел біріншілігіне ұлттық құраманың алты боксшысы қатыспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бас бапкер Мырзағали Айтжанов айтып берді.
None
None

«Шымкентте кеше басталған ел біріншілігі өте тартысты өтіп жатыр. Барлық облыстың былғары қолғап шеберлері мықты дайындықпен келгені көрініп тұр. Нағыз мықтылар санаулы күнде белгілі болады. Бірақ ұлттық құрамада өткен жылдан бері ел намысын қорғап келе жатқан алты боксшы ел біріншілігіне қатыспайды. Себебі олар осыдан екі ай бұрын ғана Германияның Гамбург қаласында ұйымдастырылған әлем чемпионатында бар күш-жігерін сарқып, елге медаль сыйлады. Абыройымызды асырды. Жекпе-жек барысында жарақат алды. Олар қазір өздеріне ем-дом алып, қысқа мерзімге демалыс алған. Сондықтан ел біріншілігінен босатылды», - деп атап өтті бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатында 49 келіде Жомарт Ержан, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 91 келіде Василий Левит қола жүлдегер атанса, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, +91 келіде Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдегер атанса, 56 келіде Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанған еді.

Соңғы жаңалықтар