Алты ел бірігіп Қара теңіз күнін атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1996 жылы қара теңіз маңындағы алты ел - Болгария, Румыния, Түркия, Грузия, Ресей, Украина Қара теңізді оңалту және қорғау жөніндегі іс-әрекеттің стратегиялық жоспарына қол қойды. Бүгін соның құрметіне Халықаралық Қара теңіз күні аталып өтілді, деп хабарлады «Росбалт».

Алты ел бірігіп Қара теңіз күнін атап өтті

Бұл жоспар теңіз ортасына жан-жақты зерттеу жүргізгеннен кейін әзірленген. Зерттеу барысы оның өмір сүру қабілеті өткен үш онжылдыққа қарағанда, едәуір нашарлағанын көрсеткен.

Айта кетейік, Қара теңіздің ең терең жері 2210 метр болса, батыстан шығысқа қарай ұзындығы шамамен 1150 шақырым. Солтүстіктен оңтүстікке қарай теңіз 580 шақырымға жайылған.

Теңіздің өсімдіктер әлемі көп жасушалы, жасыл, қоңыр, қызыл су түбіндегі балдырлардың 270 түрін қамтиды. Фитопланктон құрамында - кемінде 600 түрі бар. Қара теңізде 2500-ден астам жануарлар түрі мекен етеді.