Алты мемлекеттің муайтай шеберлері Атырауда күш сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қыркүйек күні Атырауда муайтайдан қазақстандық ғалым Әмен Аманқұловты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 
None
None

Турнирде қазақстандық  муайтай шеберлері Бразилия, Тайланд, Ресей, Австрия және Оңтүстік Африкадан келген қарсыластармен күш сынасады. Олардың барлығы дерлік өз мемлекеттерінің кәсіби деңгейдегі спортшылары.

Сайыс ұйымдастырушылары - Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Елухан» Қазақстан Республикасы Муайтай федерациясы және Муайтай федерациясының Атырау облыстық филиалы.

Жекпе-жек өнерінің жанкүйерлері турнирді  Мұз айдыны сарайында тамашалай алады. 

Соңғы жаңалықтар