Алты мың жолаушы коронавирус күдігі бар ерлі-зайыптының кесірінен круиз кемесінде қамалып отыр
РИМ. ҚазАқпарат - Коронавирус белгісі бар деп күдіктелген ерлі-зайыпты кесірінен алты мың жолаушы италиялық круиз кемесінде қалуға мәжбүр болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.
Осы аптада Costa Crociere круиз лайнерінің бортындағы Гонконгтен келген ерлі-зайыптының бірнеше күн бұрын ыстығы көтеріліп, тыныс алуы нашарлаған. Олар коронавирус жұқтырды деген күдік бар.
Осы жағдайға байланысты лайнердің 6 мың жолаушысына кемеден кетпеу туралы бұйрық берілген.
Ерлі-зайыпты қазір барлық қажетті талдауды тапсырды. Бұл үшін Римнен жұқпалы аурулар мен вирустарға қарсы маманданған сарапшылар келді. Ерлі-зайыпты кеме бортындағы аурухана палатасына жатыр.

Олар 25 қаңтарда Италияға келген, Милан қаласындағы Мальпенс әуежайына ұшып жетіп, осы аптада Савондағы кеме бортына көтерілген.
Агенттік сондай-ақ, коронавирус таралған Қытайдың Ухань қаласынан 59 Италия азаматы ұшақпен еліне жеткізілетінін хабарлады. Олар Италиядағы әскери нысанда 14 күн бойы карантинда болады.