Алты мыңнан астам науқас коронавирус инфекциясынан емделуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алты мыңнан астам науқас коронавирус инфекциясынан  емделуде

24 наурыздағы жағдай бойынша 6 010 адам (–4 990+ және 1 020 КВИ-) коронавирус инфекциясынан емделуде.

Олардың ішінде 593 пациент стационарда, 5 417 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 48 адамның жағдайы ауыр,
- 22 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 234 адам коронавирус індетінен сауықты