Алты рет жеңіске жеткен Абай Төлештің келесі қарсыласы белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Абай Төлеш (6-1, 4 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 27 ақпан күні Алматыда өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол рингке MTK Global компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің аясында шығады. BoxRec.com мәліметінше, Төлештің қарсыласы ресейлік боксшы Василий Штык (2-2, 2 КО) болмақ. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Төлеш соңғы айқасын 18 желтоқсан күні Алматыда өткізген, онда Өзбекстан боксшысы Бахром Паязовты (22-15, 15 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Кештің басты оқиғасы Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Құнқабаевтың (2-0, 2 КО) британдық спортшы Стивен Уордқа (13-1, 4 КО) қарсы бірінші ауыр салмақта WBO Asia Pacific титулы үшін жұдырықтасуы болмақ.