Алты жасар бүлдіршін өз «Аудиін» қайырымдылыққа берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ең ерке бүлдіршін ретінде белгілі Лейси Поуп өз имиджін өзгертіп, қайырымдылықты қолға ала бастады, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Лейси өте ауқатты отбасында дүниеге келген. Ата-аналары қызының «Диор», «Армани» сәнді киімдерімен журнал беттерінен жарық көргеніне қарсы болмаған. Жас модель жиі сұхбат та беріп жүрген: Лейсиді шынымен де Ұлыбританияның ең ерке қызы деп атауға болады.

Алайда алты жасқа толғанда балдырған өмірге басқа көзқараспен қарай бастады. Обыр аурумен ауыратын Генри есімді ер баланың бейнетаспасын көрген ол, барлық ойыншықтарын сатып, оның емделуіне ақша бермекші болып шешті. Туған күніне ата-анасы, достары сыйлаған барлық ойыншықтарын беріп жіберді.

Жүздеген қуыршақтары мен жұмсақ ойыншықтарынан басқа Лейси Сваровски тастарымен безендіріліген «Аудиін» де беруге әзір.

Лейси ойыншықтарын интернет арқылы бәссаудаға қойды. Түскен қаражаттың барлығы онкологиялық аурумен күрес қорына жіберілмек.

Соңғы жаңалықтар