Алты жастағы қыз мектепке героин әкелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Филадельфия қаласында (Пенсильвания) штаты алты жасар қыз мектепке өзінің анасынан тапқан 11 орам героин әкелді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Оқытушылардың бірі бірінші сынып оқушысынан есірткіні тауып, шұғыл полиция шақырған. Есірткінің кем дегенде екі орамы ашылған, оның бірінен бала тісінің іздері көрінді. Ал оқушы қыздардың бірі іші ауыратынын айтқан.
Полицейлер бүкіл бірінші сынып оқушыларын - 20 баланы - ауруханаға тексеруге апарған. Мектеп оқушыларының жағдайы қауіп туғызбайды, балалар алаңдап отырған ата-аналарына тапсырылды.
Оқу орнына есірткі әкелген қыздың анасы мен оның досы дереу тұтқынға алынды. Мари Хантер мен Кристофер Троя-Дженкинс есірткі сақтағаны және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрекеті үшін айыпталуда.