Алты жылғы үзілістен кейін Ирак ұлттық мұражайы ашылды

МӘСКЕУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқппарат – Алты жылға жуық үзілістен кейін Ирак ұлттық мұражайы келушілерге есігін айқара ашты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. 1926 жылы салынған ол - ежелгі жәдігерліктер жиналған Таяу Шығыстағы ірі мәдениет ошағы. Оның коллекциясында ежелгі Месопотамияның, Шумер, Вавилон және Ассирия өнерінің бірегей мәдениет ескерткіштері бар. АҚШ пен оның одақтастарының әскерлері 2003 жылы көктемде Бағдадқа шабуыл жасағанда мұрағат қараусыз қалып, оның көптеген бағалы коллекциялары талан-таражға ұшыраған болатын. Соның нәтижесінде мұрағат 15 мың экспонатынан айырылды, оның үштен бірі ғана қайтарылды.
Соңғы жаңалықтар