Алтын адам жерленген «Талды 2» қорымындағы археологиялық және қайта жаңарту жұмыстары 2012 жылы аяқталады

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алтын адам табылған Қарағанды облысындағы «Талды 2» қорымындағы қайта жаңарту жұмыстары мен археологиялық зерттеулер 2012 жылы аяқталады.

Алтын адам жерленген «Талды 2» қорымындағы археологиялық және қайта жаңарту жұмыстары 2012 жылы аяқталады

Бұл туралы бүгін Астанада өткен ЮНЕСКО мен ИСЕСКО ісі бойынша ұлттық комиссияның отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

Оның айтуынша, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бүгінгі күні елдегі 37 ескі қалашықта, қоныста, мекенде, тұрақта, қорымда және қорғанда археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

«Бұл өте үлкен нәтижелер беруде. Мәселен, мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан «Талды 2» қорымын ерекше атап өткім келеді, онда Қазақстан аумағында 4-ші алтын адам табылған болатын. Қазір оның зерттелуі мен ескерткішті қайтадан жаңарту жұмыстары толық қарқында басталып кетті. Меніңше, келесі жылы біз аталмыш бірегей кешенде өткізілген археологиялық жұмыстар жайында жан-жақты есепті жасап шығарамыз»,-деді министр.