Алтын алқаларды тартып алған екі қарақшы қолға түсті - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы дәмханалардың бірінде демалып отырған 22 жастағы азаматшаның 146 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарынан аяқ астынан айырылып қалған.
Дәмханада отырған оны әлдекімдер еш себепсіз ұрып-соғып, мойнындағы алтын алқаларын тартып алған. Іздестіру нәтижесінде екі жігіт пен екі бойжеткен қолға түсті.