Алтын арзандап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтынға биржалық баға доллар құнының өсуі және АҚШ ФРЖ пайыздық ставкасының ықтимал артуы салдарынан төмендеуде.

 Алтын арзандап жатыр

Нью-Йоркте Comex биржасында алтынға маусымдық фьючерстер құны троя унциясы үшін 1282,70 долларға дейін төмендеді.

АҚШ негізгі әріптестерінің алты валютасының себетіне доллар индексі 93,14 тармаққа дейін өсті, деп хабарлайды РИА "Новости".