Алтын бағасы қымбаттады

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Соңғы 11 аптада әлем нарығындағы алтын бағасы троя унциясы үшін 1400 доллардан асты. Нью-Йорктің алтын биржасында троя унциясы 1400,04 долларға бағаланды, деп хабарлайды bnews.kz ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Алтын бағасы қымбаттады

Маусым айының басынан бері алтын осынша қымбат болған емес. Биржаларда бір айда платина бағасы 4 айлық максимумға дейін қымбаттады. Бағалы металдарға сұраныстың көбеюінің себебі АҚШ Федералды резервті жүйесінің қыркүйек айының ортасынан бастап Америка экономикасы өсімін ынталандыру үшін монетарлық бағдарламаның көлемін азайтумен байланысты ақпараттың таралуы болып отыр.