Алтын бағасы өте тез қарқынмен өсіп келеді
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Алтын бағасы өте тез қарқынмен өсіп келеді, деп хабарлайды РБК.
Лондондағы қолма-қол қымбат металдар нарығында алтын бағасы жаңа рекордқа көтерілді. Оның таңертеңгі фиксингі үшін осы қарсаңда ресми бағасы 1792 доллар/унцияны құрады. Алтынның қымбаттауы одан әрі жалғасуда. Егер осылай қарқын ала беретін болса, бара-бара алтын нарығында «көбік» пайда болуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды .
«Алтынды көмкермей сату бұл әлемдегі айбарлы «өгіздерге» қарсы шығу деген сөз. Сондықтан бұл жерде ұзақ мерзімді операциялардан әзірге бас тарта тұрған жақсы болады. Немесе алтынның орнына жүретін «алтын ауыстырушыларға»: күміс, палладий, не болмаса платинаға назар аударған жөн болады», - деп жазады басылым.