Алтын бағасы тарихи максимумын жаңартты

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Алтын бағасы тарихи максимумын жаңартты. 11 тамызда таңертең өткізілген Азия биржасындағы саудада қымбат металл - алтын тарихта бірінші рет 1800 доллар белгіден асып түсті.

Алтын бағасы тарихи максимумын жаңартты

Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап, Лента. ру хабарлағандай, үш сауда сессиясында алтын унциясы 100 доллардан аса қымбаттап кетті. Осының алдында, атап айтқанда, 8 тамызда алтын бағасы 1700 долларлық тарихи шекті аттап өтсе, шілде айының ортасына дейін алтын бағасы 1600 доллар белгіден көтерілмеген болатын.

Алтын әлемдік сауда биржаларында котировкалардың күрт төмендеуінен кейін 8 тамызда басталған болатын. Standart & Poor's атап өткеніндей, алғаш рет АҚШ-тың кредиттік рейтингі әлсіреп, максимальды ААА -дан АА+ дейін құлдырады.