Altyn Bank акциясының бақылау пакеті қытай инвесторларына сатылады

«Халық банкі» China CITIC Bank Corporation Limited және China Shuangwei Investment Co., Ltd-мен келісімге қол қойды.
«Халық банктің» еншілес ұйымы «Altyn Bank» АҚ акционерлік капиталының 60 пайызын сататыны туралы қаржы институтының баспасөз қызметінде хабарлады. Транзакция 2017 жылдың екінші жартысында аяқталады деп күтілуде.
Транзакция аяқталғаннан кейін «Халық банкі» компанияның 40%-ін иемдену жолындағы жұмыстары жалғастырады.
«Бір белдеу Бір жол» қытайлық бастамасы аясында біз қазақстандық компаниялардың Қытайда өз бизнесін дамытуға қызығушылығын байқап отырмыз және өз клиенттеріміздің сұраныстарына қарай әрекет етеміз. Қытай - қазақстандық бизнес үшін перспективалы нарық. Қазақстандық тауарлар мен қызметтер үшін тұрмыстық нарық ретінде орасан мүмкіндіктер ашады. Altyn Bank, өз кезегінде, өзінің қазақстандық клиенттеріне қажетті банктік қолдау ұсына алады. Мысалы, теңгеден юаньға тікелей конвертациялау, саудалық қаржыландыру, қазынашылық операциялар мен несиелеу. CITIC Bank маңызды халықаралық қаржы институты мәртебесі және өз бизнесі көлемінің арқасында Altyn Bank-тің мүмкіндігін кеңейте отырып, ол үшін стратегиялық әріптес болады. Сондай-ақ Altyn Bank CITIC Bank технологиясына қолжетімділіктің арқасында нарықта өз ұстанымын күшейте алады, - деді «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметова.
Еске салсақ, «Халық банкі» «Қазкомды» сатып алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.