«Алтын доп-2018» иегері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде «Алтын доп»  сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Алтын доп-2018» иегері белгілі болды

Бұл марапат Мадридтің «Реал» командасының және Хорватия құрамасыныңжартылай қорғаушысы Луки Модричке бұйырды.

2018 жылы ол «Реалда» қатарынан үшінші рет Чемпиондар Лигасында жеңіске жетті, ал өз құрамасының сапында әлемнің вице-чемпионы атанды.

Еске сала кетсек, финалда Хорватия Францияға 2:4 есебімен жол берген еді.