Алтын-Емел паркінде долана көбелегі қаптап кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі тау шатқалдарында долана көбелегі қаптап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның видеосы «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram -дағы парақшасында жарияланды.
«Көбелектер гүлдердің шырындарымен және жердегі ылғал тамшыларымен қоректенеді «, – делінген әлеуметтік желідегі парақшада.
Ұлттық парк мәліметінше, долана көбелегі – ақкөбелек тұқымдасына жататын зиянды жәндік. Көбінесе жеміс ағаштарын зақымдайды.
«Жақында көбелектер жұмыртқа салады, одан шыққан жұлдызқұрттар ұлттық парктегі алма, өрік, долана, алмұрт, итмұрын сияқты өсімдіктердің жапырақтарын жейді», - делінген хабарламада.