«Алтын мінбер» мұсылман киносы фестивалінің бағдарламасы жасалды

АСТАНА. Тамыздың  13-і. ҚазАқпарат -   Мұсылман  киносының «Алтын мінбер»  V   халықаралық  фестивалінің  конкурс  бағдарламасына   34 кинотуынды кіріп  отыр.   Қыркүйектің 30-ы  мен  қазанның   4-і аралығында  Қазан қаласында   өтетін  фестиваль  «Мәдениет  диалогы арқылы   - диалог    мәдениетіне»  деген    ұранмен өтеді, 

 «Алтын  мінбер» мұсылман киносы фестивалінің бағдарламасы    жасалды

деп   хабарлайды  ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

«Конкурстық  бағдарламаға барлығы 34  туынды іріктелді:  12  толықметражды,  14 деректі,  8 қысқаметражды фильм.    Ал конкурстан  тыс бағдарламаға 22 кинотуынды таңдалды,  олар  «Татар  киносының күні»,  «Кавказ киносының  күні»  және  "Халықаралық панорама"   арнайы  кинобағдарламалары  аясында көрсетіледі», - делінген  фестиваль  хабарламасында.

Алғашқы «Алтын мінбер»    халықаралық  фестивалі    Қазанда  2005 жылдың  қыркүйек  айында  өтіп еді.   Фестивальдің  құрылтайшылары -  Ресейдің  мүфтийлер  кеңесі, Татарстанның   Мәдениет министрлігі,  Қазан қаласының мэриясы, Ресейдің Ислам мәдени  орталығы  және  «Ислам әлемі» телерадиокомпаниясы.