«Алтын Орда» базары жанындағы жол жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жүргізушілер «Алтын Орда» базары маңындағы жаңа көпірдің жағдайына шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлеуметтік желіде жүргізушілердің бірі «Алтын Орда» маңындағы жолайрықтың сапасын көрсеткен видеосын жариялады. Бейнежазбадан шұңқыр мен кедір-бұдыр жолды байқауға болады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Алтын-Орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек тас жолының Райымбек-Алматы учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын мәлім етті. «Биыл бұл нысанда қалған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде: қиыршықтас-мастика асфальтбетон жабынының үстіңгі қабатын жабу,жаяу жүргіншілер өткелдерінде полигаль шатырды және лифтілерді орнату, темірбетон және тосқауыл қоршауларын бояу, сондай-ақ жол белгілерін қою. Нысандағы жұмыстарды толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі. Сонымен қатар, компания өкілдері жақында құрылысшылар жолдың екінші, негізгі қабатын төсейтінін айтты. «Бұл ретте, қиыршықтасты-мастика асфальтбетонның соңғы үстіңгі қабатын монтаждау бойынша бұл учаскелер тұтас болуы үшін төменгі қабат фрезерленіп, қайта асфальтбетон төселеді», - деп атап өтті компаниядағылар. Еске салайық, «Алтын Орда» базарының жанындағы эстакада былтыр желтоқсан айында ашылған болатын.


Фото: mostopora.ru
Соңғы жаңалықтар