«Алтын орда» базары жанындағы жолды жөндеу жұмыстары 95%-ға аяқталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алтын орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек учаскесінде жолды кеңейту бойынша күрделі жөндеу жұмыстары 95%-ға аяқталды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол Басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтын орда» базары жанындағы жолды жөндеу жұмыстары 95%-ға аяқталды

«Қазіргі уақытта «Алтын Орда» жобасы 95%-ға аяқталды. Негізгі бағыттар бойынша барлық жұмыстар орындалды. Жол 8-ден 10 жолаққа дейін кеңейтілді. Сонымен қатар, басты магистральдық эстакаданың, «таға» түріндегі бұрылу эстакадасының және де Ақсай өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Жол бойында жарық шамдары орнатылды. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Мердігер ұйым қиыршық тас мастикалық асфальтобетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын аяқтап, қоршаулар мен жол белгілерін орнатып, жол таңбаларын сызуда», - деді Мейірхат Қасымбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Алтын Орда базары жанындағы жол жөндеу жұмыстарының 85 пайызы аяқталған болатын.