Алтын орда базарының маңындағы жол қыркүйек айында ашылмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алтын орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек учаскесінде жолды кеңейту бойынша күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда барлық жұмыстың 90 пайызы орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтын орда базарының маңындағы жол қыркүйек айында ашылмақ

«Бүгінгі таңда барлық жұмыстардың 90%-ға жуығы орындалды. Келісімшарт бойынша бұл жоба 1 қарашада аяқталуы тиіс. Бірақ біз жұмысты күшейттік. Бас мердігер қазір қыркүйекте негізгі тас жолды аяқтау және көлік қозғалысын ашу үшін барлық қажетті резервтерді қосуда», - деп жазды Facebook – тегі парақшасында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев Facebook парақшасында.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі «Алтын орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек учаскесінде жолды кеңейту бойынша күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын екенін мәлім еткен болатын.

Еске салайық, «Алтын Орда» базарының жанындағы эстакада былтыр желтоқсан айында ашылған еді.


Фото: instagram.com/kassymbayevmeirkhat