Алтын Орда билеушілерінің аса құнды ыдысы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азовта жергілікті өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы XIV ғасырдағы ірі қолөнер кешенін қазды. Мұнан табылған жәдігерлердің ішіндегі бірегей керамикалық тостаған ғалымдар назарын аудартып отыр.

Алтын Орда билеушілерінің аса құнды ыдысы табылды

Бұл металл ыдыстарға ою-өрнек салуға арналған сирек кездесетін, аса ауыр еңбекті қажет ететін техника.

- Орта ғасырда алтынордалық Азақ қаласында жұмыс істейтін қыштан зат жасаушылар көркем керамика өндіруде өздерінің жеке әшекейлі стилін құрды, - дейді археология бөлімінің меңгерушісі, Азов мұражай-қорығының ғылыми қызметкері Андрей Масловский.

XIII ғасырда қазіргі Азовтың орнында алтынордалық Азақ қаласы болған. Ол арқылы Еуропа мен Қытай арасындағы ұлы сауда жолы өтіп, сондай-ақ Еуразияның солтүстігі мен Константинополь арасындағы қатынастың негізгі күретамырына айналған. Қала ірі сауда, қолөнер орталығы болды. XIV-XV ғасырларда өз монеталарын шығарған. 1365 жылы қаланы Ақсақ темір әскері жаулады, Ал 1471 жылы түріктер басып алып, оны Осман империясының қуатты әскери бекінісіне айналдырды.