Алтын Орда хандары туралы мағлұматтарды Қазақстанның тарих оқулықтарына енгізу қажет - ғалым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтын Орданың хандары мен ұлы тұлғалары туралы бүгiнгi тарих оқулықтарына барынша енгізілуі керек. Бұл туралы бүгiн ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi саясаттану кафедрасының доцентi, PhD докторы Жақсылық Сәбитов мәлiм еттi.
None
None

«Алтын Орданың хандары мен ұлы тұлғалары бүгiнгi тарих оқулықтарында кеңiнен көрiнiс табуы тиiс. Берке ханның өзiн алайық. Берке ханның тарихтағы орны ерекше. Алайда, ол Қазақстан жерiнде билiк жасамаған адам сияқты, бiздiң төл батырымыз ретiнде оқытылмайды», - дедi ол.

Оның сөзiне қарағанда, Қазақ хандығы Алтын Орданың тiкелей мұрагерi болғандықтан, оның тарихтағы үлесiн бағаламау мүмкiн емес.

Ондағы саяси қайраткерлер де бiздiң ұлт болып, мемлекет болып қалыптасуымызға ерен еңбек еттi.

«2019 жылы Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту қажет сияқты. Себебi, Талас өзенi бойында үш ұлыстың билерi жиналып, Талас келiсiмiне қол қояды да, тәуелсiз Алтын Орда мемлекетiн құрады. Қазақ жерiнде Моңғол мемлекетi сол кезден бастап жойылды», - деп түйдi сөзiн саясаттанушы.

Соңғы жаңалықтар