«Алтын сөз» республикалық сайысы: қазақ тілін меңгеру мүмкіндіктері туралы ең үздік мақалалар үшін - алтын құйма мен 1 млн. теңге

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - «Арнау» тіл мәдениетін дамыту орталығы Қазақстан Медиа альянсының ақпараттық қолдауымен қазақстандық БАҚ-тар мен блогерлері арасында мемлекеттік тілді меңгерудің үлгілері мен инновациялық әдістері жайындағы ең үздік жарияланымдарға алғашқы жыл сайынғы сайыс жариялайды.
None
None

Ұйымдастырушылар тәуелсіз сарапшылардың қазақ тілін үйренушілер арасында өткізген зерттеуінің нәтижесін негіз ретінде ала отырып, білім беру мекемелерінен басқа, мемлекеттік тілді дамытуға бұқаралық ақпарат құралдары аса зор үлесін қосатындығы туралы пікірді 79% респондент білдіргенін атап айтады. Зерттеуге қатысушылар, сонымен бірге, тіл үйрену үрдісінде қоғамдық институттар (шамамен 51%) мен бизнестің (шамамен 63%) де маңызды екенін айтқан.

«Арнау» тіл мәдениетін дамыту орталығы бұл сайысты журналистер мен блогерлерді қазақ тілі мен оны меңгерудің нәтижелі әдістерін Қазақстан халқына түсіндіруге уәждеу мақсатында ұйымдастырып отыр.

Ұйымдастырушылар БАҚ пен Интернетте бұл мәселе жайында ақпарат тарату мен оқырмандарды қазақ тілін үйренудегі жаңа, инновациялық әдістерімен таныстырудың белсендірілуін күтеді.

«Арнау» орталығының бас директоры Дана Жақыпованың айтуынша, БАҚ тіл мен оны меңгеру формаларына деген жағымды және конструктивті көзқарас қалыптастыруда негізгі рөл атқарады. «Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік білетін табысты қазақстандық азамат моделін алға бастыру керек», дейді ол.

Сайыстың жалпы жүлделік қоры 1 000 000 теңгені құрайды. Бас жүлде - алтын құйма (50 грамм).

Әр жанрдағы үздік жарияланым үшін жүлде 50 000 теңге мен 100 000 теңге арасындағы соманы құрайды. Жүлделердің мөлшері мен санын құрамына масс-медиа мен лингвистика саласындағы беделді сарапшылар енген сайыстың Қазылар алқасы белгілейді.

Бас демеуші - «Altyntau Resources» АҚ.

Қазылар алқасының құрамы:

Мұрат Әбенов - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Нұрай Оразов - «Нұр Медиа» медиа-холдингінің бас директорының бірінші орынбасары

Жанарбек Әшімжан - «Қаламгер-Медиа» директоры, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы

Вячеслав Пащенко - «Интерфакс-Қазақстан» Ақпараттық Агенттігінің бас редакторы

Әлия Құрышжанова - ф.ғ.к., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ҒЗИ лингво-әдістемелік секторының меңгерушісі, оқытушы, зерттеуші, қазақ тілін меңгеру бойынша білім беру бағдарламаларын жасаушы

Әділ Жәлелов - Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы

Сайыс жұмыстары төмендегідей тақырыптарды қамтуы қажет:

  • Қазақ тілін меңгерудегі жаңа қызықты әдістер;
  • Қазақ тілін үйренудің табысты үлгісі;
  • Әйгілі адамдар - қазақ тілін үйретуге зор үлесін қосқан оқытушылар, жаттықтырушылар;
  • Табысты үлгілер - қазақ тілін жетік меңгеріп алған адамдар;
  • Үздік тәжірибелер мен ноу-хау - қазақ тілін тек үйрену емес, сонымен бірге, тәжірибеде қолдану туралы.

Конкурстың жанрлық бағыттары:

  • Мақала
  • Видеосюжет
  • Фоторепортаж
  • Блогтардағы жазбалар
  • Инфографика 

Номинациялар:

  • Баспасөздегі үздік мақала
  • On-line БАҚ-тағы үздік мақала
  • Үздік блогжазба
  • Үздік вижеосюжет
  • Үздік фоторепортаж

Номинациялардан басқа, жүлделік қор Қазақстанның іскер тұлғалары атынан табысталатын Атаулы премиялармен толықтырылған.

Сайысқа қазақ және орыс тілдерінде 2012 жылдың 1 наурызы мен 2012 жылдың 1 қарашасы аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданады.

Сайыстың ақпараттық қолдауы - sozdik.kz Интернет сөздігі.

«Алтын Сөз» сайысының шарттары жайында мына сілтеме арқылы толығырақ біле аласыздар.

 Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:

Арнұр Мамытбеков, «Арнау» тіл мәдениетін дамыту орталығының баспасөз қызметінің басшысы, +7 /727/ 321 09 55, 321 09 53, +7 /777/ 360 36 61, arnur @ arnau . kz .

Соңғы жаңалықтар