«Алтын үкі - 2014» халықаралық жарысына онға жуық елдің сұрмергендері қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 14-18 шілде аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында Арнайы мақсаттағы бөлімшелер арасындағы «Алтын үкі - 2014» мергендер жұбының халықаралық жарысы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Алтын үкі - 2014» халықаралық жарысына онға жуық елдің сұрмергендері қатысады

ҚР Қорғаныс министрлігі дәстүрлші түрде жыл сайын өткізетін бұл шараға биыл Ұлыбританияның, Үндістанның, Иорданияның, Қазақстанның, Қытайдың, Пәкістанның, Ресейдің, АҚШ-тың және Түркияның мергендер жұбы қатысады деп жоспарланып отыр.

«4 кезеңнен тұратын жарыс барысында «Кедергі жолағы», «Жылжу арқылы атыс», «Маятник», «Блок пост», «Мергендер жұбының дуэлі» және басқа жаттығулар бойынша үздіктер анықталатын болады», - делінген баспасөз баянында.