«Алтын Үкі-2016»: қазақстандық мергендер абсолютті жеңімпаз атанды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алтын Үкі-2016» IV халықаралық мергендік жұптар сайысы жалпы және жеке сынақтар бойынша қазақстандық әскери қызметшілердің абсолютті жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
None
None

Қытай, АҚШ, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания және Пәкістан елдерінің үздік мергендерімен өткен лайықты жарыста жеңіске жеткен Қазақстанның күштік ведомстволары, біздің әскери қызметшілер кезекті рет өз істерінің кәсіби шебері екенін дәлелдеді.

Мергендік жұптар арасындағы жалпыкомандалық сынақта Қазақстан Қарулы күштеріне қарасты 20030 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үздік екендерін көрсетсе, ал екінші және үшінші орынды 22750 әскери бөлімінің мергендері иеленді. Бұдан кейінгі орындар - 35950, 32356 әскери бөлімінің командаларына және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командаларына бұйырды. Сегізінші орын - Беларусь Республикасының, ал тоғызыншы және оныншы орындар Қытай Халық Республикасының командаларына бұйырды. Бұдан кейінгі орындарды АҚШ, Ресей Федерациясы, Пәкістан мен Ұлыбритания елдері алды.

Қазақстанның күштік ведомстволары арасында бірінші орын ҚР ҚК 20030 әскери бөлімінің командасына тиесілі болды, ал екінші орын ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне бұйырды, үшінші орынды ҚР ІІМ Ұлттық ұланы иеленді. Мергендер өздерінің кәсіби іс-қимылында қолданатын тәжірибелерімен, машықтарымен, жаңа амал-айлаларымен және практикалық іс-қимылдарымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, «Алтын Үкі-2016» IV халықаралық мергендік жұптар сайысы 2016 жылғы маусымның 20-сы мен 24-і аралығында өтті. Жарыс барысын Үндістан мен Түркия өкілдерінің бақылаушылары қадағалады. Бұл жарысқа 21 команда қатысты. Бір апта бойы «Алтын Үкі-2016» сайысына қатысушылар түрлі күрделі 14 жаттығудан құралған 5 кезеңнен өтті. Мергендерге дене төзімділігі мен психологиялық беріктікті сынайтын жаттығулар берілді.

null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар