Алтын унциясы бір күнде 100 долларға арзандады

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - 29 ақпандағы Нью-Йорктегі тауар биржасында алтынның бағасы 100 доллардан астамға құлдырап, сауда қортындысы бойынша бір унциясы 1688 доллар болды, деп хабарлайды Би-Би-Си. Кейінірек Азияда бағалы металл бір унциясына 1719 долларға көтерілді.
None
None

Алтын бағамының бұлайша шұғыл төмендеуіне АҚШ Федералдық резервтер жүйесінің төрағасы Бен Бернанктың американдық экономика дағдарыстан кейін қалпына келе жатыр деген мәлімдемесі себеп болды. Сондықтан да көптеген инвесторлар бағалы металды қоя тұрып, басқа тәуекелді активтерге ұмтылды.

Алтын дағдарыс жағдайында инвесторлар үшін «қауіпсіз айлақ» ретінде қарастырылады. 2008-2010 жылдардағы рецессия барысында ол едәуір өсіп, унциясы 700 доллардан 1900 долларға дейін секірді.

Алтын қашан да жоғары бағаланады, оның бұл жолғы құлдырауы уақытша жағдай деп санайды сарапшылар. 2009-2011 жылдары алтын бағасының құны жоғары болуы ірі нарықтар - Қытай мен Үндістан тарапынан сұраныс күшті болуынан болса керек. Бұл елдердің тұрғындары өз қаражаттарын алтынмен немесе зергерлік бұйымдармен сақтайды. Осы екі елдің орталық банктері де алтынды жек көрмейді.

Соңғы жаңалықтар